Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандықтар Парламент Мәжілісі депутаттарының 30 пайызын т | «Хабар» телеарнасы

Қазақстандықтар Парламент Мәжілісі депутаттарының 30 пайызын тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

«Бұған дейін супер президенттік қағидасы туралы айтылды. Енді ықпалды Парламент түсінігіне келсек, бұл жерде депутаттарды сайлау жүйесін енгізу туралы айтуға болады. Қазір Мәжіліс депутаттары партиялық негізде сайланады. Ендігі уақытта Мәжіліс депутаттарының 30 пайызын өңірдегі қазақстандықтар сайлайды. Қалған 70 пайызы партиялық негізде сайланады»,- деді Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.