Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылдың наурыз айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы | «Хабар» телеарнасы

2022 жылдың наурыз айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 мың теңгеге жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 143 246 теңгені құрады.

Бұл 2021 жылғы ақпанға қарағанда 17,3 пайызға жоғары.
Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыс 7,9 пайызға артқан.