Get Mystery Box with random crypto!

kerim eken

Telegram арнасының логотипі kerimeken — kerim eken K
Telegram арнасының логотипі kerimeken — kerim eken
Арна мекенжайы: @kerimeken
Санаттар: Өнер , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 579
Арнадан сипаттама

Визуал сұлулық, музыка және басқа да керім дүниелер

spoti.fi/3j5EABS
@alibekart

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-06-10 10:13:11

102 views07:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 18:41:53
“Қара айна” сериалын көргеніме 4-5 жыл боп қалыпты. Әр сериясы жеке фильм етіп түсірілген мықты сериал еді. Қазір ойланып отырып, ең таңдаулы дегендерін еске түсіргім кеп кетті.

Ең есте қалған сериясы – сезім аппараты. Ғалымдар біреудің не сезініп жатқанын (ауырсыну, ләззат, қорқыныш) басқа біреу сезе алатындай аппарат жасаған. Мұны дәрігерлер медицинада қолданып көреді.

Сөйтіп бір дәрігер науқастарға аппаратты кигізіп, олардың нақты қай жері ауырып тұрғанын өзі сезініп, дәл диагностика жасап жүреді.

Дәрігер бұл аппаратқа жаман үйреніп алады. Кейде үйіне апарып, әйеліне кигізіп, секстен екі есе ләззат алады.

Бір күні аппаратты киген науқас ауырсынып жатып өліп кетеді, әлгі дәрігер де диагностика жасаймын деп өліп қала жаздайды. Өлім аузынан қалып, әрең дегенде есін жияды. Осы оқиғадан кейін ол біреудің ауырсынғанынан қиналмайтын болады, керісінше ләззат ала бастайды. Мұның арты қайғылы жағдайларға ұласып кетеді.

Егер көрген болсаңыз, қай сериясы есіңізде қалды?
83 viewsedited  15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 10:20:26

166 views07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 08:25:48 Бұған да жеттік – iOS жүйесіне қазақ тілі қосылады.

apple.com
143 viewsedited  05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 21:26:04
Әлия Әшім деген мықты контентмейкердің мына жұмысын көрмесеңіздер, референдум түніндегі дұғалар қабыл болмай қалады-мыс.



323 viewsedited  18:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 17:01:04
Осы жағынан керімбіз, иә)
27 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 16:41:37
“SEN” мюзикліне бардық

Шығармашылықта шектеу (талап) болса, әдетте әйбәт нәрсе дүниеге келеді. Бүгін “SEN” мюзиклінде соған көз жетті. Себебі тақырыбы – медиасауат, жанры – мюзикл. Осындай жағдайда режиссер Әннәс Бағдат динамикалы, айтары көп, сүйкімді дүние жасапты.

– әр ақпаратқа күмәнмен қара;
– бәріне сене беру де, ештеңеге сенбеу де дұрыс емес;
– біреудің жеке кеңістігіне аттама;
– сенім деген жақсы, әрине, бірақ білім одан да жақсы;
– керім сауаттымын деген адам да қателеседі.

Мюзиклден түйгенім осы.

Сосын, айтпақшы, махаббат деген де – сенім)

Мюзиклдің композиторы Ербол Нариманұлы екен. Әр әнге тәнті болдым. Орындап шыққан актриса-актерлерге де мың да бір респект. Нақышына келтіріп айтып шықты. Драма жасай жүріп ән айту оңай емес.

Қойылым ертең де болады. Билеттер тикетонда. Барыңыздар, әсер алыңыздар, сіздерге ұнайтынына бек сенімдімін.
57 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 07:43:29 Жаңа Қазақстан

https://t.me/tilkespekjoq/4141
108 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 05:45:40
«Қай аға мені атқан?» — Айкөркемнің әкесі Айдос қызының қазасына арнаған өлеңінің атауы, ол сол күндері мылтық ұстаған әскерилерге арналған.

Еркесі едім үйдегі,
Деуші еді бәрі ботақан.
Қуанушы еді үлкендер,
Берді деп сені жаратқан.
Алаңсыз келе жатқанда,
Қай аға маған оқ атқан?
Атыпсың дәлдеп мылтықты,
Алды-артыңа қарамай.
Осынша неге өшіктің
Кіп-кішкентай балаға-ай?
Не кінәм менің бар еді
Өлтірдің неге, ағатай?

@tilkespekjoq
129 viewsedited  02:45
Ашу / Түсініктеме