Get Mystery Box with random crypto!

kerim eken

Telegram арнасының логотипі kerimeken — kerim eken K
Telegram арнасының логотипі kerimeken — kerim eken
Арна мекенжайы: @kerimeken
Санаттар: Өнер , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 579
Арнадан сипаттама

Визуал сұлулық, музыка және басқа да керім дүниелер

spoti.fi/3j5EABS
@alibekart

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 14

2022-04-23 10:15:51 Spotify
79 views07:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 15:15:15 Қазақша аудио хабарламаны бірден мәтінге айналдыратын бот пайда болды

ҚазАқпарат жазуынша, «Kazak ASR» жүйесін ойлап тапқан ғалым Өркен Мамырбаев. Жоба Telegram-да чат-бот ретінде жұмыс істейді.

Одан бөлек ол қазақша хаттама жазатын құрылғы жасап жатыр:
«…командаммен бірге жиналыс немесе кездесу кезінде қосуға болатын дыбыс жазу құрылғысын әзірледік. Жиналыс аяқталғаннан кейін құрылғы қазақ тілінде хаттама дайындайды», — дейді Мамырбаев.

@Kazakh_speech_recognition_bot
14 views12:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 04:00:58
Биыл болатын 75-ші мерейтойлы Канн фестивальінің постері.

Әдемілігі бір бөлек әңгіме, бір қарағанда неге осы суретті таңдады екен деген ойға жетелейді.

Бәлкім жақын арада карьерамды тәмәмдаймын деген, оскарсыз актер Жим Керриге деген құрмет пе?

Әлде 1998-99 жылғы Америка киносы "шағын ренессансының" көлеңкесінде қалып кеткен "Труман шоуының" авторлары Питер Уир мен Ендіриу Никколға жолданған сәлемдеме ме?!

Әлде бұл тру бола алмау дертіне шалдыққан XXІ ғасыр адамдарына үндеу ме?

Не де болса осы постер арқылы Канн фестивалі сапалы, көркем фильмдерге әрқашан адал екенін тағы бір дәлелдеді.

Канн фестивалі іс-шараның тек жүлде тарату емес екенін, әлемнің түкпір-түкпірінен келген кино шеберлерінің бас қосып, сұхбаттасатын, тәжірибе алмасатын кеңістік екенін дәлелдеп келе жатыр.

Бұл фестивальдің шығу тарихы да қызық. Канн фестивалі ең алғаш Еуропадағы ең үлкен кино фестивальдің Гитлер мен Муссолинидің фашистік идеясын пропаганда жасағанына протест ретінде ашылған болатын.

Роман Бұрқаш

Facebook
138 viewsedited  01:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 09:46:08
"ТОР-ШАҢЫРАҚ", Мұратбек Қайыржанұлы:

"Бұл картинаны #СаясиТұтқындар жобасына арнап логотип ретінде жасаған едім.

Көбісі бұл логоны Қырғызстанның туына ұқсатыпты. Бірақ мен негізі бұны Шаңырақ оқиғасына, марқұм Арон Атабек ағамызға сілтеме жасап, аруағына бағыштай отырып жасағам. Қазақстанның тәуелсіз тарихында ең ұзақ түрмеде отырған саяси тұтқын сол ақын ағамыз деп білем. Сондықтан саяси тұтқын тақырыбы қозғалғанда ең бірінші сол кісі елестейді.

Қазір @bureau.kz'пен бірге Қазақстандағы саяси тұтқындар туралы үлкен жоба жасап жатырмыз. Сол жоба арқылы бұл жұмыс саяси тұтқындықтың бір символына айналады деп үміттенем".

Facebook
229 viewsedited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 04:12:04
Хоакин Феникс Оскар алғанын жары Руни Марамен бургер жеп тойлап отыр

reddit.com
642 views01:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 13:28:19
Үйіңді сату үшін Кrisha-ға салу –
Риелторға табыстау –
Instagram-да аккаунт ашу –

(2 бөлмелі, 54 кВ.м - 49 млн тг, жиһазымен бірге)

Instagram
295 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 12:44:18
Adxbe Movie ұжымының мына дубляжы мықты екен

Instagram
291 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 14:47:18 Былтырдан бері әдемі бір әдет қалыптасты: маған айтылған және өзім біреуге айтқан жақсы сөз, комплименттерді жабық бір каналға жазып жүрмін.

Жұмыста күнде 100 адамды көріп, сөйлесетіндіктен қарбалас арасында жылы сөз ұмытылып кетуі мүмкін. Сондықтан күніне кешкісін "бүгін қандай жақсы сәттер болды?", "кімге не айттым, кім не айтты?" деген сұрақтарға жауап жазып отыру қажет. Негізі әжептәуір терапия екен.
336 viewsedited  11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 13:55:16 Spotify
332 views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 10:18:33
365 views07:18
Ашу / Түсініктеме