Get Mystery Box with random crypto!

Нұрмұхамед Байғараев: 'Бізде тек перевод не наличный'. Кафе, | kerim eken

Нұрмұхамед Байғараев: "Бізде тек перевод не наличный".

Кафе, дүкендерде айтатын шарт. Осыған көн деген шарт. Оның артында кәсіпкердің "сен 20 пайыз салық төлеген жалақыңнан тамақ, тауардың ақысын төлесең де, мен салық төлегім келмейді, жалтарам" деген сөз жатыр.

Бірақ осыған қарамай "мен де сен сияқты үкімет бюджет есебінен салатын тегіс жолда жүргім келеді, баламды тегін мектепке бергім келеді, өскенде грантта тегін оқысын" дейді. Алайда бюджетке түсуі тиіс салық төлеуден қашады.

Әр нәрсенің өз құны бар.

Батыс қоғамы бірден заң бұзудан қорқатын, мәдениетті, тәртіпті бола қойған жоқ. Оларды тәртіпке салған қатаң жаза және ауыр айыппұлдар.

p.s. Әділ қоғам құрайық десек, картамен не QR-мен төлеп, чек сұраңыз. Иә, ол ыңғайсыз, әңгіме көбейеді, аппарат істемейді дейді. Нерв. Бірақ талап етіңіз. Себебі сіздікі дұрыс!

p.s.s. Салық органдары кәсіпкерлерге олай салықтан жалтарудың жолдарын жабатын заң қабылдату керек.

Facebook