Get Mystery Box with random crypto!

Фильм тұтас ақ-қара реңді. Тек үш жерінде ғана түрлі түсті рең | kerim eken

Фильм тұтас ақ-қара реңді. Тек үш жерінде ғана түрлі түсті рең бар.

(Осы жерден бастап және келесі посттарда спойлер бар)

Бірі – геттода елеңдеп жүрген қызыл пальто киген қыз. Шиндлер оны көргенде өне бойы сыздап әрең тұрады.

Кейінірек қызыл пальтосы бар сол қыздың өлігін өртеуге апара жатады. Дәл сол эпизод жүрегіңді жұлып жейді әбден.

Үшіншісі – еврейлер шаббаты кезінде шамдар ақ-қара емес, түрлі түсті реңде болады. Мұны қызыл пальто киген қыз сияқты жазықсыз өлген әр еврейдің рухына тағзым деп түсінуге болады.

Бұл – визуал шеберлік. Режиссер Стивен Спилберг алдында шляпамды шештім.