Get Mystery Box with random crypto!

Мына әнді былтыр қайдан тауып алғаным есімде жоқ. Бірінші тыңд | kerim eken

Мына әнді былтыр қайдан тауып алғаным есімде жоқ. Бірінші тыңдағаннан-ақ ырғағы да, сөзі де басты кетірді.

Әсіресе мына тұстарында ерекше теңеулер қолданған:

Бәрі сұр бұлттай біркелкі
Морзе әліппесі секілді.

***

Даусыңның тембрі есімде жоқ
Тек білем, қоңырлықпен ерекшеленед(і).
Кербез сұлу ренжіме сенің ойларың
Асыра сілтенген аниме.
Көзіңе тік қарап айта алмаспын,
Бірақ сенің мінезің дабстеп.

***

Ұқсамаймын дейсің бірақ сонда да
Мен теңеймін сені ханшайымға.

***

Ойламаппын жалықтырар деп Nirvana,
Жалғыздықтан күйзеліске бір-ақ қадам.