Get Mystery Box with random crypto!

YouTube-тегі саяхатқа қатысты қазақша екі арнаны ғана ұсынуға | kerim eken

YouTube-тегі саяхатқа қатысты қазақша екі арнаны ғана ұсынуға болады қазір:

1) Sayahat Time

Авторы - Қазақстанның әр тасы мен тауын білетін Ернар Алмабек. Видеоблог форматы лайв режимде. Егер Ереке көбірек уақыт арнап кіріссе, керім-керім контент жиі шығар еді. Себебі қазақ ютюбы қазақша сауатты сөйлейтін, профи адамдарға зәру.

2) Shar Like

Данияр, Лесхан деген жігіттер еш ақша құртпай Өзбекстан, Грузия, Дағыстан, Ингушетияға саяхаттап қайтыпты. Автостоппен жетіп алып, сол елдердегі ақжүрек адамдардың арқасында күн көреді. Идея қызық. Олардың көрсеткісі келген месседжі - саяхаттау үшін көп ақша керек емес.

Арнада видео шықпай кетті. Жігіттер қоя салған сияқты. Әттең, жақсы формат еді.