Get Mystery Box with random crypto!

Мұқағалидың сөзіне жазылған ең әдемі әннің бірі. Әні Ғалым Боқ | kerim eken

Мұқағалидың сөзіне жазылған ең әдемі әннің бірі. Әні Ғалым Боқаштікі сияқты. Нақтысын білмедім. Бірақ орындаған – өзі.

Бұрын бір тыңдап, ВК-ға қоса салғам. Кеше кездейсоқ қосып қалып, мыңқырық рет тыңдаған шығармын.

***

Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады-ау шашын әлі.

О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!

Несіне асығады?!
Ымырт кеп көкжиекке асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн қайда асығады, асығады?!

О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!

Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.