Get Mystery Box with random crypto!

Өз ісін жақсы көретін адамдарды танудың бір белгісі – олар өз | kerim eken

Өз ісін жақсы көретін адамдарды танудың бір белгісі – олар өз жұмысы туралы айтқанда бәрін ұмытып кетеді.

Кеше таксиде жолсерік болған бір кісі құрылыс бригадирі екен. Жол бойы таксист екеуімізге не тындырып жүргенін асқан ыждаһатпен, беріліп айтып келді:

"Мәә, ана үйдің 8,9-шы этажындағы виді күшті. Кейін сол пәтерлерде тұратын адамдарға жаман повезло. Бүкіл стандарттармен қатырып істеп жатырмыз"

"Қазіргі құрылыстағы жігіттер молодес, ойлағаныңды айтпай біліп тұрады ғой".

Ақиқат Растың "Жизнь неизбежно будет обалденной" деген кітабында мынадай үзінді бар: "Сен өз ісіңді жақсы көрмейсің. Әйтпесе осыған дейін жұмысың туралы айтқанда бір күлгеніңді көрмеппін".

ҚазҰУ-да Анар Салқынбай деген ұстазымыз сабақ берді. ҚазҰУ туралы айтқанда шаң жолатпайды. Өйткені бұл ол кісінің жұмыс орны, әрі өзі оқыған универ. Посттарында ҚазҰУ-дың кемшілігін сынмен емес, жанашырлықпен жеткізеді.

Өз ісіңе, мамандығыңа, жұмыс орныңа, тіпті әріптестеріңе деген мұндай реакция бейсаналы түрде жұмыс сапасына әсер етеді деп ойлаймын. Сондықтан жұмысымыз туралы айтқанда нендей эмоция кешетініміз аса маңызды.