Get Mystery Box with random crypto!

гомофоб бауырлар, адам құқы қағидаттары сіздің тіліңіз бен ді | kerim eken

гомофоб бауырлар,

адам құқы қағидаттары сіздің тіліңіз бен дініңізді де алалаудан қорғап тұр емес пе?

демократияға, зайырлыққа, ғылымға ұмтыламын дей отыра, елдегі әлдебір азшыл топқа қарсы сөйлеп, оларды жынысы, шашының түсі я діні үшін қудалай алмайсыз.

әйтпесе сіздікі жалған адамгершілік болмақ, жалған демократия.

сіз біреуге қарсы өшпенділік оятып, қудалай бастаған сәтте сізді де біреу өз құндылығыңыз үшін қудалай бастауы мүмкін жағдай туындатасыз.

сіз сондай өшпенді қоғам қалыптастырайын деп отырсыз ба?

біреуді қудалап жеңіп, енді өзім де қудаланып қалмайын деп, үнемі жалтақтап отыратын режим құрғыңыз келе ме айналаңызда?

авторы: @ maksache