Get Mystery Box with random crypto!

“Қара айна” сериалын көргеніме 4-5 жыл боп қалыпты. Әр сериясы | kerim eken

“Қара айна” сериалын көргеніме 4-5 жыл боп қалыпты. Әр сериясы жеке фильм етіп түсірілген мықты сериал еді. Қазір ойланып отырып, ең таңдаулы дегендерін еске түсіргім кеп кетті.

Ең есте қалған сериясы – сезім аппараты. Ғалымдар біреудің не сезініп жатқанын (ауырсыну, ләззат, қорқыныш) басқа біреу сезе алатындай аппарат жасаған. Мұны дәрігерлер медицинада қолданып көреді.

Сөйтіп бір дәрігер науқастарға аппаратты кигізіп, олардың нақты қай жері ауырып тұрғанын өзі сезініп, дәл диагностика жасап жүреді.

Дәрігер бұл аппаратқа жаман үйреніп алады. Кейде үйіне апарып, әйеліне кигізіп, секстен екі есе ләззат алады.

Бір күні аппаратты киген науқас ауырсынып жатып өліп кетеді, әлгі дәрігер де диагностика жасаймын деп өліп қала жаздайды. Өлім аузынан қалып, әрең дегенде есін жияды. Осы оқиғадан кейін ол біреудің ауырсынғанынан қиналмайтын болады, керісінше ләззат ала бастайды. Мұның арты қайғылы жағдайларға ұласып кетеді.

Егер көрген болсаңыз, қай сериясы есіңізде қалды?