Get Mystery Box with random crypto!

“SEN” мюзикліне бардық Шығармашылықта шектеу (талап) болса, ә | kerim eken

“SEN” мюзикліне бардық

Шығармашылықта шектеу (талап) болса, әдетте әйбәт нәрсе дүниеге келеді. Бүгін “SEN” мюзиклінде соған көз жетті. Себебі тақырыбы – медиасауат, жанры – мюзикл. Осындай жағдайда режиссер Әннәс Бағдат динамикалы, айтары көп, сүйкімді дүние жасапты.

– әр ақпаратқа күмәнмен қара;
– бәріне сене беру де, ештеңеге сенбеу де дұрыс емес;
– біреудің жеке кеңістігіне аттама;
– сенім деген жақсы, әрине, бірақ білім одан да жақсы;
– керім сауаттымын деген адам да қателеседі.

Мюзиклден түйгенім осы.

Сосын, айтпақшы, махаббат деген де – сенім)

Мюзиклдің композиторы Ербол Нариманұлы екен. Әр әнге тәнті болдым. Орындап шыққан актриса-актерлерге де мың да бір респект. Нақышына келтіріп айтып шықты. Драма жасай жүріп ән айту оңай емес.

Қойылым ертең де болады. Билеттер тикетонда. Барыңыздар, әсер алыңыздар, сіздерге ұнайтынына бек сенімдімін.