Get Mystery Box with random crypto!

Бірде бас редактор Жұмабай Шаштай Дидар екеумізге 1932 жылдың | kerim eken

Бірде бас редактор Жұмабай Шаштай Дидар екеумізге 1932 жылдың аштығы кезіндегі қазақ баспасөзін сараптап мақала жазып келуді тапсырды. Орталық архивке бардық. Өмірімде бұлай түршігіп көрмеген шығармын. Газет тігінділерін алып қарап отырмыз. Социализмнің, социалистік еңбектің барлық майданда жеңіске жетіп жатқаны жайында шаттыққа толы баяндамалар, мақалалар…Бұл – қазақтың он мыңдап, жүз мыңдап қырылып жатқан кезіндегі баспасөзі. Батыста «абсурд театры» деген бар. Сол «абсурд театрының» өзі менің архивте газет тігінділерін қарап отырғандағы кешкен күйімнің жанында түк емес. Мен бұл жерде баспасөзді, қазақтың сол кездегі азаматтарының қылығын айыптап отырған жоқпын. Үндемей тыныш отыру – ол кездегі тірі қалудың жалғыз ғана амалы. Біздің, мына сен екеуміздің, бүгін тірі отыруымыз солардың үндемей тыныш отырғандығынан. Үндемей отырып, үйдей пәледен құтылды. Алайда, үндемеу дәстүрге, ұлттық дәстүрге айналып кетті. Бәрінен бұрын сол жаман.

Таласбек Әсемқұлов

http://otuken.kz/l-r-13/