Get Mystery Box with random crypto!

Әбу Лайс әс-Самарқандий: «кім мына жеті түрлі адамдармен бірге | Kerek malimet

Әбу Лайс әс-Самарқандий: «кім мына жеті түрлі адамдармен бірге отырса, бойында жеті түрлі нәрсе арта түседі. Олар:
1. Кім байлармен отырса, Алла тағала байлыққа деген махаббатын арттырып, құмарлығын асырады.
2. Кім кедейлермен отырса, Алла тағаланың өзіне берген нығметіне шүкірі мен ризалығы арта түседі.
3. Кім патшалармен отырса, Алла тағала оның жүрегіне қаттылық пен такаппарлықты арттырып қояды.
4. Кім әйелдермен отырса, надандық пен құмарлықты арттырып қояды.
5. Кім балалармен отырса, ойыны мен қалжыңы арта түседі.
6. Кім бұзақылармен отырса, күнә жасауға деген батылдығы артып, тәубені кешіктіруге дағдылануы артады.
7. Кім ғалымдармен отырса, ілімі артып, тақуалығы күшейеді» -- деген.

Әділхан Иманәліұлы "Әлжан ана" мешітінің бас имамы