Get Mystery Box with random crypto!

KERege

Telegram арнасының логотипі keregenmin — KERege K
Telegram арнасының логотипі keregenmin — KERege
Арна мекенжайы: @keregenmin
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 686
Арнадан сипаттама

Үйім киіз үй, жүрегім ою.🌘
Арна иесі: @ai_zhanymm

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-17 01:01:14 Өмірді сүйем.
352 views22:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 00:54:29 Келесі жазда міндетті түрде теңіз көрем
332 views21:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 00:43:22 Түнгі сағат үш. Жұмыстан келіп, ауладағы дүкенші апайдан қытайдың удай лапшасын сатып алып, лифттің батырмасын басып, кілтті ұйқыдағы құрбымды оятып алмау үшін байыппен бұрап аштым да ішке ендім. Тепәлді қосып, керім көңілмен көпе демдеп, лапшаны да дайындап қойдым. Салқын суға малынып шығып, вайбы “біртүрлі” әнмен тамақтанып отырмын. Мен үшін сүйім. Жалғыздықты жаным жақсы көреді.
325 views21:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 00:32:57 “Жүзі жылы қыз екен”

Әптөбісте отырған апалы-сіңлі екі әжеге телефонмен төлеуді керсеткенде бір-біріне айтқаны. Әлі нұрым сөнбепті
313 views21:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 08:53:19 Енді жолығатын жүрегімнің жартысына жаным ашиды.
Менің мың қырық мылжың мұңымды тыңдап, сырымды ұғып, жанымның жарасын емдеуге кететін күшін аяймын. Сыртқа мықты болып, ішімде іріп бара жатқан кішкентай қыздың көңілін таппаққа кететін күндеріне көңілім қынжылады. Тым күйбелең, тез ренжитын, ішіндегісін бірден айта қоймайтын, індемей жинап алып, артынан бұрқылдап жүретін, жасын көрсетпестен, жарасын жасырып, қашқалақтап жүретін қыздың жартысы болатындай не күнә жасапты? Қабағы түюлі, қара қасы айқасып, күлкіге ақы төлейтіндей күңіреніп жүретін кербезге қай жолдар жолықтырады екен? Мүмкін шыдай алмастан, өзіне “жара” алып кететін де шығар. Сол үшін, алдын ала кешір. Сен ойлағандай бола алмайтын, кірпідей жиырылған, тікенек тараған тағдырды өзім сұрап алғаным жоқ. Сен де мені сұрамайсың, білем. Сонда да кешір.
546 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 08:53:07 Шаршадым.
Балағымда жиналған шаңды қағуға шамам жоқ. Жүректегі шаңды айтпай-ақ қояйын. Түсінбейтініңе, аяусыз, алаңсыз көңіліңе таңмын. Әлемде бәрі біздің жүректер жіпсіз байланған, сөзсіз ұғушы, көзсіз көруші етіп баяндайды. Айтқанды ұқпайтын, көрсеткенді көрмейтін сенен оның бірін ілген емеспін. Мұң толып, мұнара болған, майысып құлауға шақ тұрған, қасіретке қаймыққан қара жанымды бір рет болсын жалтармай, жақын тартуыңа не кедергі? Келмеске кеткен балалығымды балшыққа батырғаның аз ба? Жастығымды ұрламашы. Мен қалаған өмірді сыйламадың. Мақұл. Өзім соғуыма кедергі болмашы, өтініш. Өтініп сұраймын.
447 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 08:52:54 Кешірші.

Түсініп тұрып қабылдамайтын. Қырсық қыңыр мінезім үшін. Ессіз есерсоқтығым үшін. Өзімшілдігім үшін. Қызба қаным үшін. Жылы сөз айтып, жаныңды ұға алмайтыным үшін. Сенен өзгені артық көретінім үшін. Алыстатып алған өзің ғой, суықсың маған. Сенен тек сұр ғаламатты ғана көремін. Сырымды сырғытып, мұңымды шаққым келмейді саған. Түсінбейсің. Тырыспайсың да. Тек өзің бәрін дұрыс көретіндейсің. Ақша ғана керек саған. Жүрегім ауырады. Осы сынақтың барлығы не үшін? Құшағыңнан құр қараңғылық көрем. Алақаның аласұрған тоқпаққа толы тұрғандай сезінем. Бұрынғы есепсіз қара естеліктер алыстатудан басқаны білмейді. Жақын тартқым-ақ, жанымды ашқым-ақ келеді, бірақ бірнәрсе жібермейді. Өкпем қара қазандай. Жаныңды жараласам кешір, артыққа мына ала арбам ауыр, сүйрей алмаймын, жеткізе алмаймын. Тартыла алмаймын саған. Осы дұрыс. Өз бақытымды өзім табам. Менен күткенің тек сенің ойыңда, ол менің сырым емес. Менің жырым емес. Бөлек-бөлек болмыспыз.
431 views05:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 08:51:59 Жіберілмей қалған хаттарымды осында жүктеймін. Тек өтініш, ақылың өзіңде қалсыншы)
368 views05:51
Ашу / Түсініктеме