Get Mystery Box with random crypto!

Қызылордада болған төбелес кезінде жасөспірім пышақталған. Топ | @kazznews

Қызылордада болған төбелес кезінде жасөспірім пышақталған. Топтық төбелесте зардап шеккен зәбірленуші ауруханаға жеткізілді

13 мамыр күні көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдердің арасында жанжал туындап, топтық төбелеске ұласқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері төбелестің жолын кесіп, оқиға орнынан қалалық Полиция басқармасына 14 жасөспірімді жеткізді. Төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, басты шара ретінде күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалған жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.