Get Mystery Box with random crypto!

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды | @kazznews

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады

Адвокаттың айтуынша, 11 мамырда Елжан Біртанов санитарлық авиацияға қатысты іс бойынша күдікті деп танылды.

"Бұл қылмыстық іс 2020 жылдың қазан айында басталған. Тек енді ғана күдік туды деп жарияланды, дегенмен осы уақыт ішінде бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді. Ол 2020 жылдың 11 маусымында Тараз қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына санитарлық авиациямен жеткізілді деп күдіктенді. Осы аймақтағы делегация құрамында одан COVID-19 белгілері анықталды. Есьеріңізде болса, ол 12 маусымда жаңа ғана ауруханаға жатқызылды, оның шынымен ауруханаға жатқаны туралы ресми ақпарат болған", - деді адвокат.