Get Mystery Box with random crypto!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағ | FARABI UNIVERSITY

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың
апталық жұмысына шолу
 
(22-27 тамыз, 2022 жыл)
 
Университет ректоры Елордада өткен «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумына қатысты. Екі күнге жалғасқан форумда қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланып, жаһандық трендтерге сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамыту бағыттары айқындалды.
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
 
ЖОО басшысы «Әл-Фараби» кітапханасындағы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Конституциялық Кеңесі  мен Сот төрағаларының қатысуымен өткен "Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы және жаңа саяси болмысы" ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.