Get Mystery Box with random crypto!

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі: күдіктіге қатысты | ЖАҢАЛЫҚТАР KZ

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі: күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

Грузияда қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтбаеваның ісі бойынша айыпталушы Мұрат Мейірбековке қатысты сот үкімі шықты.

Сот Мейірбековті кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтбаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болған еді. Қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.