Get Mystery Box with random crypto!

​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫЛАРЫ АҚШАЛАЙ СЕРТИФ | QAZBILIM

​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫЛАРЫ АҚШАЛАЙ СЕРТИФИКАТТАР АЛДЫ

Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған 27 қазақстандық оқушы қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сыйақының жалпы сомасы 76 млн теңгеден асты. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына сертификаттар мен қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар табыстады.

Жеңімпаздарды дайындаған педагог-тәлімгерлер де ақшалай сыйлыққа ие болды.

Биыл оқушылар қазақстандықтардың халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысу тарихында рекордтық медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль бар.

Биыл Президент халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сыйақы төлеу ережесін қарастыратын заңға қол қойды. Осылайша оқушыларымыз халықаралық зияткерлік сайыстарда жеңіске жеткені үшін алғаш рет ақшалай сыйлық алып отыр. Алтын медаль алған оқушылар 1 500 АЕК, күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық алды.

Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да бір реттік сыйақы алды. Онымен қоса, халықаралық олимпиада жеңімпаздары қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін автоматты түрде грант алады», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

ҚР оқу-ағарту министрлігі парақшасынан