Get Mystery Box with random crypto!

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА>> ҚОРЫ ГРАНТТАР МЕН ШӘКІРТАҚЫЛАР БЕРУГЕ КОН | QAZBILIM

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА>>
ҚОРЫ ГРАНТТАР МЕН ШӘКІРТАҚЫЛАР БЕРУГЕ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


Құрметті түлектер мен жоғары оқу орындарының студенттері!

«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру
гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға
шәкіртақы төленетін гранттар береді.

Үміткерлер 10 тамыз бен 17 тамыз аралығында қабылдау комиссиянына грантқа өтініш тапсыра алады. Бағдарлама туралы толық ақпаратты
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының
https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html
сайтынан табуға болады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі парақшасынан