Get Mystery Box with random crypto!

Олимпиада жүлдегерлері 4,5 млн тг дейін сыйақы алады Ұлттық | QAZBILIM


Олимпиада жүлдегерлері 4,5 млн тг дейін сыйақы алады

Ұлттық құрама химиядан халықаралық олимпиадада (IChO-2022) 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Биыл бұл жарыс Тяньцзинь қаласында (Қытай) өтті.

Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олар әлемнің 83 елінен келген 322 оқушымен бақ сынасты. Осылайша, 4 оқушымыз да беделді олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Ұлттық құрамаға 2017 жылдан бергі алғашқы алтынды Мадияр Қасымалы әкелсе, Санжар Бисенәлі, Санжар Нұрғалиев және Альмира Нұрланова күміс жүлдені еншіледі. Былтыр қоржынымызға үш күміс, бір қола медаль түскен болатын.


Оқушыларымыз халықаралық олимпиадалардағы жетістіктерімен бізді қуантуды жалғастырып келеді.

Олар Географиядан халықаралық олимпиадада (IGeO-2022) 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына алтын медальді Санжар Хамитов (Ақтөбе қ.) әкелсе, Еркебұлан Тазабек (Шымкент қ.) қола жүлдені еншіледі.

Бұл еліміздің беделді олимпиадаға қатысу тарихындағы қазақстандықтардың екінші алтын медалі екенін атап өткім келеді.

Биыл зияткерлік жарыстарды Франция ұйымдастырды. Бұл сайыстарға әлемнің 54 елінен 216 оқушы қатысты.

ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы парақшасынан