Get Mystery Box with random crypto!

Оқуға түскісі келетін талапкерлердің жартысынан көбі педагогик | QAZBILIM

Оқуға түскісі келетін талапкерлердің
жартысынан көбі педагогикалық ғылымдар, инженерлік бағыт, өңдеу және құрылыс саласын, сондай-ақ
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша білім беру бағдарламаларын таңдайды екен.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау
конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау
басталғаннан бері үш күннің ішінде
қазақстандық жоғары оқу орындары
талапкерлерден 41 859 өтініш қабылдап,
өңдеуден өткізді.

Осы уақыт аралығында 11 мыңнан астам өтініш педагогикалық ғылымдарға, инженерлік, өңдеу және құрылыс бағытына – 7,6 мың және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына – 5,4 мың өтініш келіп түсті.

Шамамен 11 мыңға жуық талапкер балл
санының тең түсуіне байланысты ерекше
құқықтарға ие болды. Олар: «Алтын белгі» иегерлері, олимпиада жеңімпаздары мен оқу үздіктері. Ал 15,5 мыңнан астам адам жеңілдігі бар талапкерлер санатына енгізілді. Олар: жетім балалар, мүгедектер, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері және т.б.

2022 жылғы талапкерлер арасында келесі үздік үштікте өнер бағыты мен гуманитарлықбағыттағы мамандықтарға – 3,8 мың, денсаулық сақтау – 2,8 мың, бизнес, басқару және құқық – 2,6 мың, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпараттану саласына – 2,3 мың өтініш қабылданды. Үш күннің ішінде ең аз өтініш қабылданған салалар: ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 490 және ветеринарияға — 224 өтініш қабылданды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі парақшасынан