Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық құрамамыздың қоржыны тағы да медальдармен толықты. Оқу | QAZBILIM


Ұлттық құрамамыздың қоржыны тағы да медальдармен толықты.

Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды. Жарыс Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өтті.

Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балаларымыз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.

Оқу-ағарту министрлігі парақшасынан