Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-да келу ықтималдығы жоғары ақпараттардың бірі, бұл- І,ІІ М | Қазақстан Тарихы

ҰБТ-да келу ықтималдығы жоғары ақпараттардың бірі, бұл- І,ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар тізімі...                                      1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде қазақ халқынан 5 депутат қатысатын болған:                                                          Семей облысынан- Әлихан Бөкейхан(экономист);
 Торғай облысынан- Ахмет Бірімжанов(сот тергеушісі);
 Орал облысынан- Алпысбай Қалменов(титулды кеңесші);
 Астрахань губерниясы Бөкей Ордасынан- Бақтыгерей Құлманов(титулды кеңесші);
 Ақмола облысынан- Шәймерден Қосшығұлұлы(молда);
     Қазақстаннан тыс аумақтарда тұратын қазақтардан:
 Уфа губерниясынан- Сәлімгерей Жантөрин;
 Астрахань губерниясынан- Дәуіт Ноян-Тұндыт;
 Жетісу облысынан- Молда Тайынұлы сайланған;
                                                                                                                       1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 14 депутат, оның ішінде, қазақ халқынан 7 депутат сайланды:                             Қайта сайланған бұрынғы І Мемлекеттік Дума депутаттары- Ш.Қосшығұлұлы, А.Бірімжанов, Б.Құлманов;
 Семей облысынан- Темірғали Нұрекенов(би);
 Орал облысынан- Бақытжан Қаратаев(заңгер);
 Сырдария облысынан- Тілеулі Аллабергенов(би);
 Жетісу облысынан- Мұхамеджан Тынышбаев (қатынас жолдары инженер);