Get Mystery Box with random crypto!

*«Demeu Residence» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмаңыз!* | Kazakhpress

*«Demeu Residence» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмаңыз!*

Алматыда пәтер сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй кешенінің тізімі толықты. «Demeu Residence» ТҮК-нің рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Қала құрылысын бақылау басқармасының дерегінше, Горный Гигант 192 мекенжайындағы жердің мақсаты жеке қосалқы шаруашылық жүргізу.

Алайда құрылыс салушы ТҮК-ті биылғы жылдың IV тоқсанында тапсырмақшы. Тіпті, интернетке осы үйдегі пәтерлерді сатылымға шығарған. Басқарма баспана сатып алмас бұрын салынып жатқан үйдің құжатының бар-жоғын +7 (727) 229-81-36 нөмірі арқылы тексеру керектігін айтады.