Get Mystery Box with random crypto!

*Алматыда жауапсыз компаниялар жұмыстан шеттетіледі* Алматы ә | Kazakhpress

*Алматыда жауапсыз компаниялар жұмыстан шеттетіледі*

Алматы әкімі 2023 жылға арналған жол жөндеуге қатысты кеңес өтті. Салада түйткіл көп. Әсіресе, апат кезінде қазылған шұңқырлар, люктердің түсуі т.б. тұрғындарды алаңдатқан. Жұмысқа селқос қарау, формализм, сапаның төмендігі сынды кемшіліктерге енді кеңшілік берілмейді. Жұмысты сапасыз істеген компаниялар енді жол жөндеу жұмыстарымен айналыспайды. Қала басшысы осындай тапсырма берді.

Ал мердігерлік ұйымдар былтырғы қателіктерін қысқа мерзімде жоюы керек. Әрі тұрғындар алдын ала құлақтандырылады, ашықтық қамтамасыз етіледі. Биыл мегаполистің 5 шағын ауданында жол салынады. Ұзындығы 200 км-ден асатын 220 көше орташа жөндеуден өтіп, 350 мың шаршы метрден астам көше орташа жөнделеді.

Былтыр қалада тестілік режимде «қалқымалы» корпусы бар жаңа технология бойынша 25 люк орнатылған. Себебі сапасыз люк пен төсеу технологиясының бұзылуынан асфальт шөгіп, шұңқырлар, жарықтар пайда болған. Биыл бұл пилоттық жоба тиімділігін көрсетіп, күзгі-қысқы мезгілде жүктемеге төтеп берді. Енді осы технология кеңінен қолданылады.