Get Mystery Box with random crypto!

ӘДІСТІК ӘДЕПТІЛІК • 수고하십니다 -[Сугохашимнида] Біреудің | 𐌺𐌏REA_𐌺Z✨

ӘДІСТІК ӘДЕПТІЛІК

• 수고하십니다 -[Сугохашимнида]
Біреудің көп жұмыс істегенін көргенде осы шақта қолданылады.Сөзбе-сөз «Сіз көп жұмыс істедіңіз»

• 수고했습니다 -[Сугохэтсымнида]
Өткен шақта орындалған жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ризашылық білдіру үшін қолданылады

• 수고하세요 -[Сугохасеё]
Қазіргі уақытта жұмыс істейтін және сізге қызмет көрсететін адаммен (Такси жүргізушісі,мейрамхана қызметкері және т.б) қоштасу кезінде қолданылады

• 놀러 오십시오 -[Нолло ошипшио]
Бұл «Қонаққа (бізге) келіңіз» деген шақыру.Бұл жалпы,формальды

• 또 오십시오 -[Тто ошипшио]
«Тағы келіңіз».Қонақ үйден шыққан кезде қолданылады.Сондай-ақ ресми

°•°•°•°•° @Karis_kz °•°•°•°•°