Get Mystery Box with random crypto!

#граматика ~ (으)세요 Етістіктің түбіріне жалғанады. Егер ет | 𐌺𐌏REA_𐌺Z✨

#граматика
~ (으)세요

Етістіктің түбіріне жалғанады. Егер етістіктің түбірі дауыссыз дыбысқа аяқталатын болса, -(으)세요жалғанады, ал дауысты дыбысқа аяқталатын болса, -세요
жалғану арқылы жасалады.

Мағынасы: Сөйлеушінің белгілі бір іс-әрекетті орындауға үгіттеп, сөйлеушінің өтінішін білдіреді. Сонымен қатар, сыпайы түрде сұрақ қою және сыпайы түрде жауап қайтарғанда қолданылады.

Мысал:
이 주스 다섯 병 주세요. Осы шырыннан 5 бөтелкесін беріңіз.

여기 앉으세요. Осында отырыңыз.

A. 뭘 드시겠어요?
B. 비빔밥을 주세요.
A. 비빔밥이요?
잠깐만 기다리세요.
A. Не жейсіздер (қалайсыз)?
B. Пибимпап беріңіз(ші).
A. Пибимпап? Сәл күте тұрыңыз.

°•°•°•°•° @Karis_kz °•°•°•°•°