Get Mystery Box with random crypto!

Көтеріп бұл өмірдің нардай жүгін, Сонда да өтіп жатыр балдай к | Kairat Nurtas

Көтеріп бұл өмірдің нардай жүгін,
Сонда да өтіп жатыр балдай күнім.
Үйде емес, түзде жүрем, бірақ білем
Бала-шағам ол менің бар байлығым.

Шүкір деймін мен осы тағдырыма,
Өзімде бағалаймын барды мына.
Екі қызым екеуі ханшайымым,
Екеуі үшін дайынмын барлығына.

Жүрегім не көрседе қаймықпады,
Өмірімді, жолымды айнытпады.
Құдай берген қос ұлым аман болсын,
Өмірімнің ең басты байлықтары.

Ертең елдің болар деп ағалары,
Тілеп жүрер әкелер, аналары.
Атаңда көп, әжең де дұға тілер
Сапарға көп шыққан соң балалары.

Ұл-қыздарым, жұлдыздарым, маған, ай, күн,
Сендер үшін дауылға қарамаймын.
Құдай берген бағымды бағаладым,
Мен сендерді әрине бағалаймын!

Ұрпағым ел-жерім деп адал жүрсін,
Жадырап, әкем мәз боп, анам күлсін.
Қашанғы бұлай жүрер әкелерің,
Басымызды қосқан шақта аман қылсын!
(с) Қ. Нұртас