Get Mystery Box with random crypto!

وَٱتَّبَعُواْ مَا تَتۡلُواْ ٱلشَّيَٰطِينُ عَلَىٰ مُلۡكِ سُلَيۡ | Жазушы - كاتب

وَٱتَّبَعُواْ مَا تَتۡلُواْ ٱلشَّيَٰطِينُ عَلَىٰ مُلۡكِ سُلَيۡمَٰنَۖ وَمَا كَفَرَ سُلَيۡمَٰنُ وَلَٰكِنَّ ٱلشَّيَٰطِينَ كَفَرُواْ يُعَلِّمُونَ ٱلنَّاسَ ٱلسِّحۡرَ وَمَآ أُنزِلَ عَلَى ٱلۡمَلَكَيۡنِ بِبَابِلَ هَٰرُوتَ وَمَٰرُوتَۚ وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنۡ أَحَدٍ حَتَّىٰ يَقُولَآ إِنَّمَا نَحۡنُ فِتۡنَةٞ فَلَا تَكۡفُرۡۖ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنۡهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِۦ بَيۡنَ ٱلۡمَرۡءِ وَزَوۡجِهِۦۚ وَمَا هُم بِضَآرِّينَ بِهِۦ مِنۡ أَحَدٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمۡ وَلَا يَنفَعُهُمۡۚ وَلَقَدۡ عَلِمُواْ لَمَنِ ٱشۡتَرَىٰهُ مَا لَهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ مِنۡ خَلَٰقٖۚ وَلَبِئۡسَ مَا شَرَوۡاْ بِهِۦٓ أَنفُسَهُمۡۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ

(Олар тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді. (Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда «Һарұт, Марұт» атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер- әйелдің арасын айыратынды үренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді.

Әль-Бақара сүресі, 102 аят.


1. Осы аят сиқыр ақиқат екеніне дәлел етеді.

2. Сиқырды үйреніп жасаған адам кәпір болады.

3. Сиқыр адамдарға сынақ ретінде жіберілген.

4. Алла Тағала бұл аятта ерлі-зайыптылар арасын ажырататын тұралы айтып жатқаны; расында сиқырдың ең көп осы түрі жасалады.

5. Расында сиқыр тек Алланың Қалауымен ғана әсер ете алады.

6. Расында сиқыр жасаған да жасатқан да еш бір пайда алмайды.

7. Ол адамдарға ақыретте еш бір несібе жоқ екеніне дәлел.

Расында сиқыр жасайтын және жасататын адамдар ең бақытсыз екенін көрсек болады. Бұл адамдар өздері қатты зиянға ұшырайтына күмән жоқ. Олардың көбісі онкология, психикалық ауру, депрессия және басқа да өте қатты аурулармен ауыратына куә болып жатырмыз.


@ruqya_kz