Get Mystery Box with random crypto!

Неке - ол береке. Неке қадірін түсінбей жүргендер өте көп. Осы | Жазушы - كاتب

Неке - ол береке. Неке қадірін түсінбей жүргендер өте көп. Осыны түсініп неке түйініне қатты жармасып, отбасыны сақтап қалған дұрыс. Алла Тағала отбасын сақтап қалғандарды жақсы көреді. Өкінішке орай қазіргі таңда елдерге ажырасу оңай. Тіпті болмаш затқа да ажырасады. Ажырасу да береке болмайды. Үйленбей жүру, ажырасудың көп болуы дінге, ұлтқа үлкен зиянын тигізгенімен көптеген фитналар (бүліктер) туындайды. Зинахорлық көбеюіне алып келеді. Бұл қазіргі отбасылы жандарға да және келешекте шаңырақ көтеретін жастарға да қатысты. Ер мен әйелдің өз кемшіліктері болады. Алла Тағала бір-бірін кемшілігін жасыру үшін ерлі-зайыптыларды киім қылды. Сол үшінде жыртық киім емес, жақсы киім болайық. Шайтанның басты мақсатының бірі жұптарды ажырастыру, бойдақтарды үйлендірмеу. Осыны ескере жүрейік құрметті бауырлар!