Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-сыз университетке түсудің 4 жолы Қазақстандық университе | 2023 UBT GRANTS

ҰБТ-сыз университетке түсудің 4 жолы

Қазақстандық университеттерге грантқа да, ақылыға да түсу үшін оқушылардың бәрі ҰБТ тапсырады. Бірақ, университетке ҰБТ-сыз түсудің бәрі біле бермейтін 4 жолы бар

1. Шетелдік университеттер ҰБТ сертификатын талап етпейді. Егер шетелге оқуға түскің келсе, ҰБТ-ға емес, бірден IELTS, SAT деген секілді халықаралық емтихандарға дайындала бер.

2. Назарбаев университетіне қабылдау ережелері де шетелдік университеттерге ұқсас. Яғни, ҰБТ тапсыру міндет емес, бастысы, халықаралық емтихандардың сертификаты және қосымша грамоталар мен жетістіктер.

3. Колледжден кейін ҰБТ тапсырмаудың жолы бар. Шатаспа, колледж аяқтаған барлық студент ҰБТ-сыз түсе алмайды. Тек колледждегі мамандығын университетте ақылы бөлімде оқып, жалғастырғысы келетін студенттер ғана жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай түсе алады.

4. Осы жылы енгізілген өзгеріс - әскерге барып келгендер университетке ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмай түсе алады. Бұл жеңілдік 2022 жылы күз айынан кейін әскерге кеткендерге қатысты

Пайдалы болса, достарыңмен бөліс!