Get Mystery Box with random crypto!

ХИМИЯ ТЕОРИЯ СҰРАҚ+ЖАУАП 1.  Альдегидтердің реакцияға түскіш | 2023 UBT GRANTS

ХИМИЯ ТЕОРИЯ
СҰРАҚ+ЖАУАП

1.  Альдегидтердің реакцияға түскіштігі байланысты болады: Карбонил тобына

2.  Негізгі топшаларда элементтердің металдық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай: Артады

3.  Кальций хлориді мен күміс нитратының арасында жүретін толық және қысқартылған иондық теңдеулерінің коэффициенттерінің сандары: 12 жəне 6

4.  Нәруыздың екінші реттік құрылымындағы химиялық байланыс: Сутектік

5.  Натрий оттекте жанғанда: Натрий пероксидін түзеді

6.  Табиғи каучуктың отаны: Бразилия

7.  Алюминийді таза күйінде алғаш алған ғалым: Велер 

8.  Пентанның этаннан реакцияға түсу айырмашылығы : Изомерлену

9.  Табиғи каучуктың мономері: Бутадиен

10.   Атомдық кристалдық тордағы байланыс: Ковалентті

11.   Карбон қышқылы мен спирттің әрекеттесу нәтижесінде түзіледі: Күрделі эфирлер

12.   Этиламиннің жану реакция теңдеуінің сол жағындағы коэффициенттер қосындысы: 19

13.  Кәдімгі жағдайда қышқылдар сұйық және қатты күйде болады. Күші орташа қышқыл тұзбен әркеттескенде нан пісіруде және алкогольсіз сусындар дайындауға қолданылатын қышқылдық тұз алынады. Қышқылдың атауы: Ортофосфор

14.   Анилин алу реакциясын ашқан: Н.Н Зинин

15.   Галогендер өкілі емес: Радон

16.   Аминқышқылдарының өзара әрекеттесу нәтижесінде түзілетін байланыс: Пептидтік

17.   Полимер бұйымдары қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, өндіруіне байланысты 4 типке бөлінеді: Конструкциялық пластиктер, эластомерлер, талшықтар, лактар

18.   Ас тұзының формуласы және құрамындағы металдың массалық үлесі: NaCI, 39,3%

19.   Ақ фосфор молекуласының құрылысы: Үш қырлы пирамида

20.   Тамақ өнімі ретінде қолданылмайтын көмірсу: Целлюлоза

21.   Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етпейтін факторлар: Ыдыстың ауданы

22.   Молекуласында сутектік байланыс түзілмейтін зат: Метан

23.   Азот бойынша тығыздығы 1,07-ге тең алкан формуласы: Этан
24.   Көмірді химиялық өңдеу әдістері: Пиролиз, Газдандыру, Гидрогендеу

25.   Қара түсті металл оксидінде тотығатын, тамақ өнеркәсібі мен медицинада пайдаланылатын, өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат: Этанол

26.   Органикалық қосылыстарға тән байланыстар: Ковалентті және сутектік

27.   Қалақай мен шырша жапырағында кездесетiн карбон қышқылы: Құмырсқа қышқылы

28.   Фенол метал гидроксидімен әрекеттескенде түзілетін зат класы : Тұздар

29.   Синтезді талшықтар: нитрон, лавсан, капрон

30.   Құрамында көміртек атомы бар минерал : Доломит