Get Mystery Box with random crypto!

Күндіз болсын, түнде болсын, балаңызды қарны ашып емшек сұраға | ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ БОСАНУ🤰

Күндіз болсын, түнде болсын, балаңызды қарны ашып емшек сұраған сайын емізетін болыңыз

Жас нәресте­лер, әсіресе алғашқы айларда, әр 1–3 сағат сайын емгісі келіп тұра­ды.

Нәресте қашан және қанша уақыт емгісі келсе, сонша емізіңіз. Ол емген са­йын емшектегі сүт бітіп қалмайды, қайта түзіле береді.

Алғашқы айлардан кейін, балаңыздың біртіндеп әр 3– 4 сағат сайын емуге көшетінін байқайсыз.

Ана сүтінің құрамы емізген кезде өзгеріп отырады. Алдымен шыққан сүттен гөрі бірнеше минуттан кейін шыға бастай­тын сүт майлырақ болады.
Нәрестеге осы майлы сүтті емгені өте маңызды

Сондықтан емізгенде алдымен бір емшекті еміп босатып алып, екінші емшекті ұсыныңыз.
Келесі рет емізгенде, бала­ға соңғы рет еміп тауыспаған немесе (егер тауысқан болса) ембеген емшекті беріңіз.

Осылайша сіз емшектің екеуін де жүйелі түрде босатып отырасыз.

Егер 1 ғана емшекті еміп 2-сін ұзақ уақыт ембесе сіздің екі омырауыңыз екі түрлі болып қалуы мүмкін

Арамызда ондай келіншектер бар шығар

Суретте уыз (молозив) және балғын (свежий)ана сүтінің құрамы жайлы көрсетілген