Get Mystery Box with random crypto!

Вакансия “Жасыл Даму” АҚ баспасөз хатшысын іздейді. Осы вакан | Жазира Байдалы

Вакансия

“Жасыл Даму” АҚ баспасөз хатшысын іздейді. Осы вакансияға республикалық конкурс жариялайды.

Жаңадан құрылып жатқан жаңа компанияға коммуникацияны меңгерген кәсіби мамандар қажет. Айта кететін жайт, бұл ашық конкурс. Түйіндеме мен өтінім жіберген үміткерлерді арнайы комиссия әңгімелесуден өткізіп, кәсіби қасиеттеріне қарап іріктеп алады.

Талапқа келетін болсақ, стресске төзімділік және едел-жедел оперативті қимылдау бірінші орында. Екі тілде сөйлеп жаза алса және коммуникациялық қасиеті мен осы салада тәжірбиесі болуы шарт. Айлығы мен әлеуметтік пакеттер жеке әңгімелесуде айтылады. Жас пен жынысқа шектеу жоқ. SMM мен сайттың тілін білетін және фото-видеоны жақсы көретін жандарға басымдық беріледі.

o.berkinbayev@ecogeo.gov.kz поштасына CV жіберуге болады. Жекеге жазу жоқ, түйіндемелерді жіберудің дедлайын уақыты - 25.02.2022