Get Mystery Box with random crypto!

«Аян, кешіріңізші, қанша сұрамаймын десем де, басқа амалдың жо | журфак

«Аян, кешіріңізші, қанша сұрамаймын десем де, басқа амалдың жоғынан жазып отырмын. Балаларды мектепке дайындауым керек еді…» деген хат келді.

29 жастағы Ақтоты — 6 қаңтардағы қырғын құрбаны Ермек Кебекбаевтың жесірі. Күйеуін алаң маңынан көлікпен кетіп бара жатқанда атып өлтірген. Тоғыз, жеті, бес жасар үш бала жетім қалды.

Ақтоты бір компанияда оператор болып жұмыс істеп жүр екен. Жалақысы қыркүйек ортасында түседі. Онысы көп те емес.

Ақтотының әке-шешесі жоқ. Марқұм күйеуінің ата-анасы — мүгедек кәрі кісілер.

Менің де осындағы әріптес, дос, таныстан көмек сұраудан басқа амалым жоқ. Бәрімізді қымбатшылық қысып жатыр, бірақ аз-маз қарасып жіберуге болар. Репостап жіберсеңіздер деген өтінішім бар.

Ақтоты мен балаларына қаржылай көмек көрсетемін десеңіз, kaspi картасы мына нөмірге тіркелген: +7 707 175 1204

Ақтотының Азаттыққа айтқан әңгімесі: