Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желі тұлғалық эгоизмге үйретеді. Себебі онда мораль | JENISBEKULY

Әлеуметтік желі тұлғалық эгоизмге үйретеді. Себебі онда моральдық емес материалдық идеалдар трендте. Айтылатын пікірдің көбі материалдық құндылықтарға байланған. Кез келген тақырып, субъективті шындық призмасы арқылы қаралады.

Индивидуалист ретінде өз пікірі ерен, сөзі шын. Сыны орынды. Ал, өзгелердің ойы төмен, тілі суайт. Әрекеті мардымсыз.
Объектив қағидасы жоқ жерде дәйекпен дәлел һәм нәтиже тек эмоциямен өлшенеді. Эмоция бар жерде адреналин ойнайтыны сөзсіз.

Содан шығар, аһұдайлап бөтеннің проблемасын талқылауда өзді-өзімен қырық пышақ болатұғыны. Бірі өзгенің өмірін аңдып, жұрттың баласы жасаған іс-әрекетті жақтаумен, шашасына шаң жуытпай ақтаумен әлек. Бірі топырақ шашып таптаумен, сын айтып даттаумен әуре.

Әлеуметтік желіде нейромедиатор шамадан тыс көп. "Бақыт гормондарын" бақылауда ұстамасаң, салқынқандылық азайып, сезімталдық артады. Инфантильизм күшейіп, қара басыңа психологиялық һәм эмоциялық тұрақсыздық әкеледі. Сосын салдарынан арылу өте қиын.

Мән берерсің...!