Get Mystery Box with random crypto!

Өзіме һәм мемлекеттік қызметшіге тілек! Кемістің кемтігін то | JENISBEKULY

Өзіме һәм мемлекеттік қызметшіге тілек!

Кемістің кемтігін толтырып, олқының орнын бас. Нәмәртқа мәрттік көрсетіп, сараңғы жомарттықты үлгі ет!

Өзгенің тынышын құрметтеп, мінезіне сабыр таныт. Ұяттықты ұлық етіп, ұятсызға иба тіле!

Міскінге жанашыр, мүсәпірге мейірімді бол! Пейіліңнің кеңдігі мен ниетіңнің тазалығына ұқыппен қара!

Арсыздан алыс жүріп, күншілге көрші отырма!

Асыңа адал болсың, атыңа да кір кілмес. Бағыңа құрметпен қарап, барыңа тоба қыл!

Өткенге күпір етпей, сараптап сабақ ал! Тұсауды тіліңе, күшіңді білімге сал!

Қоғамға қызмет еткің келсе, осы қағидаларды іштей қайталап жүр!

Сонда көңілің түгел болар!