Get Mystery Box with random crypto!

Орал қаласында Жайық өзенін қорғау күніне орайластырылған шара | Жастар Рухы

Орал қаласында Жайық өзенін қорғау күніне орайластырылған шара өткізілді.

2022 жылдың 19-20 шілдесінде Орал қаласында Орхус орталықтары мен ҮЕҰ-мен Жайық өзенін қорғау күніне орайластырылған жыл сайынғы кездесу өтті.

«Жастар Рухы» жастар қанатының «Байланыс және халықаралық ынтымақтастық басқармасы» бөлімінің сарапшысы Мейірбек Тажкуранов - «Қоршаған ортаны қорғау және трансшекаралық өзендер, оның ішінде Жайық өзені бойынша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету» тақырыбында жыл сайынғы Орхус кездесуінде сөз сөйледі.

Жастар да бұл мәселеде шетте қалмай, барынша ақпараттық қолдау көрсетіп қана қоймай, түрлі форматтағы экологиялық акциялармен, челендждерді кең көлемде өткізіп, жастардың белсенділігін арттыруға күш салатындығын жеткізді.

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен және «Біздің Жайық» экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жастар Жайық өзені бойынша жыл сайынғы экспедицияға, «Жайық-таза жағалау» науқанына, бекіре балығын суға жіберу акциясына, жастар алаңы сияқты іс-шараларға қатысты

#AMANAT #Jastarruhy #ЖастарРухы