Get Mystery Box with random crypto!

Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз. ⠀ Пленарлы | Жастар Рухы

Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз.

Пленарлық отырыс барысында сөз сөйлеген медиаволонтер Диас Камериданов партияға барлық тарихи құжаттар мен деректі фильмдер қазақ және ағылшын тілдерінде цифрландырылатын «Tarih» бірыңғай платформасын әзірлеуді ұсынды.

Партия жастар қанатының Алматы қалалық филиалының волонтері Ариана Белобжицкая  еріктілердің 100 мектебін қамтитын Волонтерлер академиясын құруды ұсынды.

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде әскери қызметте болған ақтөбелік Ұлан Мырзабайдың айтуынша, Отан қорғау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

Жылқышы, информатика пәнінің мұғалімі
Асыл Ахметова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы қазақ даласында ұйымдастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, қоғам қайраткері Дәулет Мұқаев Съезд делегаттары мен қонақтарын «Ақылды жас Азамат» және «AQYL BATTLE» жобалары туралы хабардар етті.

ЕУРО-2022-нің үздік шабуылшысы атанған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов партияның жастар қанатының атауын өзгертуді ұсынды.

«Рух – халқымыз үшін киелі құндылықтарды білдіретін ұғым. Жаңартылған жастар қанаты жас ұрпақтың мүдделерін шын мәнінде қорғауы тиіс», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Соңғы болып «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Мақсат Толықбай партия атауын өзгерту туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

#AMANAT #Жастаррухы #VIсъезд