Get Mystery Box with random crypto!

Жалған дүние...

Telegram арнасының логотипі jalgan_dunie — Жалған дүние... Ж
Telegram арнасының логотипі jalgan_dunie — Жалған дүние...
Арна мекенжайы: @jalgan_dunie
Санаттар: Дәйексөздер , Кеңестер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 379
Арнадан сипаттама

Сізге және өзімізге қызықты болған фото-видео, музыка және қызықты мәліметтер...

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-08-17 07:17:07 Өткен өмір аққан су тарізді ғой. Алыстап бір кеткен екен, қайта орнына келмейді..

Қабдеш Жұмаділов "Таңғажайып дүние"
320 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 04:17
Ашу / Түсініктеме
2021-08-15 07:59:38 Қазақ халқының туыстық атаулары

Баба – арғы ата, үлкен ата
Ата – әкесінің әкесі, бергі ата
Әже – әкенің шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Ана – өзінің туған шешесі
Аға – өзінен үлкен ер бала
Aпа – өзінен үлкен қыз бала
Қарындас – өзінен кіші қыз бала
Іні – өзінен кіші ер бала
Сіңлі – aпадан кейінгі қыз бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Нағашы – шешесінің туыстары
Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары
Жеңге – ағаның әйелі
Жезде - әпасының күйеуі
Келін – інісінің әйелі
Күйеу бала – сіңлінің күйеуі
Жиен – ападан не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары
Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары
Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары
Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері
Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан
құдалар
Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар
Қарсы құда – екі құда бір-бірінен қыз алысуы
Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар
Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)
Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда
Немере – ата-ананың ұлынан туған бала
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала
123 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 04:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-14 09:25:28 Жаманмен салғыласып жақсы болмайсың.

— Абай Құнанбайұлы
327 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-13 18:23:06 Бұл адамдар бір—бірін неге алдайды,
Тағдырдан бәрібір қашалмайды...

Сенгенің жалған сөйлеп қойсадағы,
Жүз бұрып көзіне қаралмайды...

Адамдар неге қайта тағы алдайды
Алдауымен еш пайда табалмайды...

Құрманғазы Кенгесов
467 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 15:23
Ашу / Түсініктеме
2021-08-13 12:23:53 Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең. Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең. 

— Мұхтар Әуезов
504 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-08-12 20:46:03 https://t.me/barbeer002
161 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 17:46
Ашу / Түсініктеме
2021-08-12 08:02:12 Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

— Ахмет Байтұрсынұлы
374 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 05:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 17:00:45 Жүректе қайрат болмаса, 
Ұйықтаған ойды кім түртпек? 
Ақылға сәуле қонбаса, 
Хайуанша жүріп күнелтпек. 

Аспаса ақыл қайраттан, 
Тереңге бармас, үстірттер. 
Қартыңның ойы шар тартқан 
Әдеті жеңіп күңгірттер. 

Тән сүйгенін бермесе, 
Жан шыдамас жаны ашып. 
Бере берсең бер десе, 
Үміт етер таласып. 

Малда да бар жан мен тән, 
Ақыл, сезім болмаса. 
Тіршіліктің несі сән, 
Тереңге бет қоймаса? 

Атымды адам қойған соң, 
Қайтіп надан болайын? 
Халқым надан болған соң 
Қайда барып оңайын?!

• Абай Құнанбайұлы
15 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 16:58:04
27 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 13:58
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 08:55:15 Тілімен шағу,
Аяқтан шалу,
Кінәні тағу,
Қателік табу,
Жаланы жабу,
Мықтыға жағу...

...Жабылып жығу,
Құласа, ұру,
Балшыққа тығу,
Тән алмай тұру...

...Бәрі бар, ол рас,
Сындырса сынбас,
Сабырлы,
Тым сақ,
Мықты бол!
Сырлас!

(с) Бек Жылқыбаев
254 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 05:55
Ашу / Түсініктеме