Get Mystery Box with random crypto!

Жалған дүние...

Telegram арнасының логотипі jalgan_dunie — Жалған дүние... Ж
Telegram арнасының логотипі jalgan_dunie — Жалған дүние...
Арна мекенжайы: @jalgan_dunie
Санаттар: Дәйексөздер , Кеңестер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 379
Арнадан сипаттама

Сізге және өзімізге қызықты болған фото-видео, музыка және қызықты мәліметтер...

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 19

2021-06-13 10:14:03
— Что у вас на десерт?
— Осень. Со вкусом грусти
443 viewsҚадір ұлы Сақбаев, edited  07:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 09:33:44
Жаратушы тұрғанда, жаратылғанан не сұрайсың?!

— Абай
433 viewsҚадір ұлы Сақбаев, edited  06:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 09:20:22 осы мен ғана өкіне беретін сияқтымын... әлде төмендегі жүректі басатындарда өкінеме...
394 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 09:11:25 жазған сөзің жетіп бармаса... болмас кеш жетіп барса сонысы өкінішті сияақты...

•,
391 viewsҚадір ұлы Сақбаев, edited  06:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 09:00:23 ойлап қаламда ойсыз адамын ба деп...

•,
396 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 07:26:25 Көбелектің үстін бас...

364 viewsҚара Жүрек , 04:26
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 14:37:27
Арман жолында даттаушылар да, жақтаушылар да кездесер. Сені сынайтындар мен қызғанышпен қарайтындар да кездесер. Өткір сөздерімен сағыңды сындырып, қабырғаңды қайыстырғысы келетіндер де, аяқтан шалып, жолыңа кедергі болғысы келетіндер де кездесер. Бірақ сен, ол үшін арманыңнан бас тартпа. Өйткені бұл арманға апарар жол, биік шыңның алғашқы қадамдары.
Өзіңді дәлелде!
520 viewsedited  11:37
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 22:31:55 Сендік әлем, бізбен бірге...
Қазақша телеграм каналдар...



RİCHLOVE — The channel rich in videos about love...

ZHUREGİMDEKUNİM — Жүрекке жылу силайтын канал...

ÖMİRJAYLİ — Ең бірінші философиялық канал.

Всё про любовь — Фото, видео, музыка барлығы махаббат жайлы...

SEN MENDİK — Түсініксіз әлем... Ұнаса жазыл...

ADEMİM MENİNG — Жүрегің жаралы болса жазыл...

QURİ SOZ — Адамдардан ұзақ,жүрегіме жақын сөздер...

TATTİ MAXABBATİM — Тәтті махаббаты барлар үшін...

FOTOSURETTER — Аваға, стс қа арналған видео картиналар.

AFORİZMDER — Цитата, мотивация, афоризмдер...

MUZZONE — Наушникті құлағыңа тақта
Рахаттанып ән тыңда

JALGANDUNİE — Цитаталар ащы шындықтар...




Жазылу үшін үстін бас...
Өзгеше постар өзгеше әлем...
567 views19:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 16:31:12 Өкпесіз өмір сүрейік

Шəкірті ұстазына айтыпты:
- Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Менің де сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші.
Шəкіртінің өтінішіне келісім берген ұстазы картоп пен қалта əкелуін бұйырыпты.
- Егер біреуге ашуланып, ызаланып, ренжісең, бір картопты ал да, соған ренжіткен адамның атын жаз.
- Сол-ақ па? - дейді шəкірті.
- Жоқ, сол қалтаны үнемі өзіңмен бірге алып жүруің керек. Біреуге ренжіген сайын бір картоптан қосып отырасың.
Шəкірті келіседі.
Біраз уақыт өткен соң қалтасы картопқа толып, өзімен бірге алып жүру қиындайды. Алғаш салған картоптары шіріп, саси бастайды.
Шыдамай кеткен шəкірті ұстазына келіп:
- Ұстаз, мына қалта ауыр болып кетті. Əрі шірігендерінің сасық иісіне шыдау мүмкін емес. Ашуланбаудың басқа жолын үйретіңізші, - дейді.
- Мұны саған не үшін істеттім? Біреуге ренжіген сайын ішкі жан-дүниеңде де осы құбылыс болады. Жүрегің ауырлап, таза ниетің бұзылып, жаман ойларың саси бастайды. Оны сен байқамауың мүмкін. Бірақ, ісің - əдетке, əдетің - мінезге айналады. Біреуге ренжімес бұрын не біреуді ренжітпес бұрын "үнемі өзіңмен бірге артық жүк арқалап жүру" керек пе, керек емес пе, ойлан, - депті ұстазы.

@jalgan_dunie
585 views13:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 14:38:58 Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлгі алайық!

1. Көп сөйлемейтін.
2. Жаман сөз айтпайтын.
3. Өзгелермен ерегіспейтін.
4. Сөзі мен ісі сай келетін.
5. Әрқашан ойланып жүретін.
6. Берген уәдесіне берік болатын.
7. Салақтықты жаны қаламайтын.
8. Ешкімнің кемшілігін іздемейтін.
9. Сыпайы және кішіпейіл болатын.
10. Туған-туыстарын құрмет тұтатын.
11. Адал болған азықты алып жейтін.
12. Ретсіз не болса, соны сөйлемейтін.
13. Әрдайым байсалдылық танытатын.
14. Дүние істеріне бола ашуланбайтын.
15. Көрші ақысына қатты көңіл бөлетін.
16. Жүрегі өте жұмсақ, сезімтал болатын.
17. Күмәнді нәрселерден өте сақ болатын.
18. Баршаның қайғы-қамына ортақтасатын.
19. Пайдасыз нәрселермен еш айналыспайтын.
20. Көңілі ұнатпаған мәселеде үнсіз қалатын.
21. Кімге болса да бірінші болып сәлем беретін.
22. Кешірімділігі соншалықты – кек сақтамайтын.
23. Адамдардың әрдайым табысқа жетуін тілейтін.
24. Әркіммен ақылы мен түйсігіне қарай сөйлесетін.
25. Сөйлегенінен гөрі ой үстінде жүруі көп болатын.
26. Жеке басы үшін ашуланып, өзгеден өш алмайтын.
27. Айыбы мен кемшіліктері үшін ешкімді кекетпейтін.
28. Адамдардың қасынан ақырын және күлімдеп өтетін.
29. Сөйлеген кезде айналасындағыларды баурап алатын.
30. Өзгелер үшін жақсылық әкелмейтін сөзді айтпайтын.
31. Жүзінен әрдайым нұр төгіліп, жайдары болып жүретін.
32. Әдетте, жаман сөздерді аузына алмайтын.
33. Сөйлеген кезде кем сөйлеп немесе артық сөз айтпайтын.
34. Үй иесі рұқсат бермейінше, табалдырығынан аттамайтын.
35. Шындық пен адалдыққа келгенде, алдына жан салмайтын.
36. Киім кигенде мақтаншақтыққа жол бермей, орташа киінетін.
37. Ақиқатқа қайшы келетіндей сүйіспеншілікті қабыл етпейтін.
38. Шаш пен сақалдың үрпиіп, шатасып тұрғанын құптамайтын.
39. Ешкімнің бетіне келіп немесе артынан айыптап кінә артпайтын.
40. Сөйлесіп тұрған кезде жүзін басқа жаққа бұрып алып кетпейтін.
41. Жетімдердің басынан сипап, оларға қамқор болуды бұйыратын.
42. Кез-келген мәжіліске қатысқанда жеке дара бөлініп отырмайтын.
43. Киімнің әдемі киілуін әмір етіп, масқаралыққа түсуін ұнатпайтын.
44. Есігін қағып жәрдем сұрай келген кісінің бетін қағып қайтармайтын.
45. Балалардың бақытты болуын тілеп, оларды қарғауға тыйым салатын.
46. Ар-ұяттың күштілігінен қатты дауыспен күлмейтін, тек күлімдейтін.
47. Адамзаттың ардақтысы болса да, ел қатарлы қарапайым өмір сүретін.
48. Сөйлеген сөздері тізілген моншақтай тартымды, әрі берекетті болатын.
49. Кедейлердің жабырқау көңілдерін көтеріп, оларға мейірбандық танытатын.
50. Сауда-саттықта әдептілігі сондай – ел оны сенімді («әл-Әмин») деп сипаттайтын.
51. Адамдардың ең жомарты болса да, оның жомарттығы оразада тіптен арта түсетін.
52. Кедейлермен қатар отырып тамақтанатыны сондай – олардан ерекшеленіп тұрмайтын.
53. Ізін басқан достарына: «Бұл дүниеде бір бейшарадай, яғни жолаушы секілді бол!» – дейтін.
54. Күнә не, сауап не, әмір не, тыйым не екенін білмейтін адамдардың жағдайына қайғыратын.
55. Өзіне дұшпандық жасағандарды кешіріп қана қоймай, оларға құрмет пен мәрхамат танытатын.
56. Қиыншылыққа немесе әлдеқандай жағдайға түскен кезде әдепсіздікке салынып ашуланбайтын.
57. Қасында отырып ең соңынан сөйлеген кісілердің өзін бірінші кісіні тыңдағандай мұқиятпен тыңдайтын.
58. Адамзат баласының ең мәртебелісі болса да, достарына: «Мені Алланың құлы, әрі елшісі деп атаңыздар», - дейтін.
59. Әйел заты адамдық қасиеттен айрылып қорланған дәуірде: «Жәннат аналардың аяғының астында», - деп, оларға құрмет көрсетілуін айтып, дәрежелерін көтеретін.
60. Ол әрдайым таңертең үйінен шығарда: «Иә, Раббым! Тура жолдан адасудан және адастырылудан, алданудан және алдандырылудан, хақсыздық етуден және хақсыздыққа бас ұрудан, құрметсіздік етуден және құрметсіздік етілуден саған сыйынамын», - дейтін.

@jalgan_dunie
586 views11:38
Ашу / Түсініктеме