Get Mystery Box with random crypto!

Кей сәттерді сағынумен тоңады екен, Бұл жүрегім... ...Ол шақта | Жалған дүние...

Кей сәттерді сағынумен тоңады екен,
Бұл жүрегім...
...Ол шақтарға жол бар ма екен?

...О, қымбатты,
Менің қара шаңырағым!
Қол жуғышың,
Көз жасыма толар ма екен?

Қол жуғышың,
Көз жасыма толар ма екен?

Самаурыннан алып жылы суды кеше,
Саған келіп қол-бетімді жудым неше?

О, Жаратқан,
Сол кездерге қайта қатсам,
Көк сүлгіні беріп Әжем күлімдесе...

Көзді жұмып жылынғанда күн нұрына,
Құрттың иісі келетін-ау бұл мұрынға.

Оралмайтын,
Дәл осылай сағынатын,
Бір сәт барын білді дейсің кім бұрында...

- Бек Жылқыбаев