Get Mystery Box with random crypto!

Жаз аяғы, Күзі келе жатқасын, Сағынатын, мұңаятын сәт басым. Е | Жалған дүние...

Жаз аяғы,
Күзі келе жатқасын,
Сағынатын, мұңаятын сәт басым.
Ең көңілсіз,
Күн батса да, қызарып,
Жалғыздығы жүректерге батпасын!

Сеземіз де салқын түсе қалғанын,
Өтеміз-ау бұл өткенше, жалғанын.
Жаңбыр жауып, арық толып жатса да,
Көздеріңе,
Жас толмасын!
Жандарым.

Қоштастырар,
Кездестірер сары күз,
Көктем жетіп, қуанамыз тағы біз.
Сарғайса да бақтың іші, сыртымен,
Жүректерді сарғайтпасын сағыныш...

×××

Солай ботам,
Күзде гүлдер солады,
Киіп жүрген - киімдер де оңады.
Бұл жалғанға өкпелеуің бекер ғой,
Біз уақытша,
Қара жердің - қонағы...

— Бек Жылқыбаев