Get Mystery Box with random crypto!

Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем де | Жалған дүние...

Көтерілмей жүргенде еңсем менің,
Армандадым, біреуді көрсем дедім.
Біреу маған алыстан қолын созған,
Қолын созған қамқоршым, сол сен бе едің?

Танысып та, ашынып сезімдерім,
Ұзақ таңға ұйықтамай, көз ілмедім.
Сонда мені біреу кеп әлдилеген,
Әлдилеген сәбиін өзің бе едің?!

Сері күннен жалығып, кері күннен,
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен.
Біреу сонда жанымнан шықпайтұғын,
Жаны бірге менімен серігім бе ең?!

Қысылтаяң сәттерде саған келдім,
Жасырмай-ақ халімді жаман дедім.
Мүңым менен сырыма ортақ болған
Адам ба едің!
Аяулы панам менің.

— Мұқағали Мақатаев