Get Mystery Box with random crypto!

Кім келеді? Кім кетеді? Күттім бәрін... ...Тіпті әлім жетпесе | Жалған дүние...

Кім келеді?
Кім кетеді?
Күттім бәрін...
...Тіпті әлім жетпесе де тік тұрамын!
Уақыт келсін, дәлелдеймін, ұқтырамын!
...Мен жеңемін!
Не бір күшті, мықтыларын,
Тіпті әлім жетпесе де тік тұрамын!

Жүрегімді қанатпаймын!
Талатпаймын!
Асықпай-ақ, ойлағаннан ары аттаймын!
Алтындарым - әкемді де, анамды да,
Ұялтпаймын!
Ертең жерге қаратпаймын!
Асықпай-ақ, ойлағаннан ары аттаймын!

Жаман емес,
Жақсыларға ілесемін!
Саралаймын!
Мың өлшеймін, бір кесемін.
Мен өсемін!
Көресіңдер!
Өмір алда,
Күш біткенде,
Қайта жинап күресемін!

Саралаймын!
Мың өлшеймін, бір кесемін...

(с) Бек Жылқыбаев