Get Mystery Box with random crypto!

Көрініп қазір тартымды, Сездірер, сосын салқынды... ...Актёрла | Жалған дүние...

Көрініп қазір тартымды,
Сездірер, сосын салқынды...
...Актёрлар жүр-ау алдымда,
Рөлдерін ойнап әр түрлі.

Осынау қысқа өмірде,
Қуанып, күліп ол бірге...
...Өзгертіп бірден образын,
Қара дақ салар көңілге.

Көбіне сеніп, көнбедім,
Білемін жағдай, жөндерін...
...Кей сәтте мықты сомдаймын,
Мен дағы не бір рөлдерін.

— Бек Жылқыбаев