Get Mystery Box with random crypto!

Шаршатты-ау, Шектеулері, екпелері, Бетпердесі... ...Жетеріне ж | Жалған дүние...

Шаршатты-ау,
Шектеулері, екпелері,
Бетпердесі...
...Жетеріне жеткен еді.
Шыныменен шаршатты-ау, қолды байлап,
Карантиннің тұрақтауы, кетпегені.

Бұл аурудың бар-жоғын да білмей қалсам...
..Рас, шаршадым!
Шіркін, мен де бір демалсам.
Жылдағыдай жолдан алма, қарбыз алып,
Нарынқолға жанұям мен бірге барсам...

Рас, шаршадым!
Шіркін, мен де бір демалсам.

Сағындырды о, шақтағы өткен күндер,
Қайта келсе,
Сол уақытым көппен күлген.
Өзгеріссіз, барлығы да өз орнында,
Баяғы жаз, күзі, қысы, көктем, гүлдер...

Шаршатты-ау,
Шектеулері, екпелері,
Бетпердесі...
...Жетеріне жеткен еді.

— Бек Жылқыбаев